06.06.2014, 23:21 3117

Қаржы полициясы 2014 жылы 545 қылмыстың бетін ашты - А.Есімов

Алматыда Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органының құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Алматыда Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органының құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.

Қаржы полициясы қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтай келіп, әкім Ахметжан Есімов Алматы қалалық Экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Агенттіктің ең үздік аймақтық бөлімшелерінің бірі екенін еске салды.

"Бүгінде қаржы полициясы еліміздің экономикалық мүддесін қорғауда өз міндетін абыроймен атқаруда. Экономикалық, қаржылық және жемқорлық қылмыстарын ескерту, анықтау, жолын кесу мен қылмысты ашу міндеттемелерін ойдағыдай орындауда. Тек биылғы жылдың өзінде департамент қызметкерлерінің кәсіби жұмысының арқасында 545 қылмыстың беті ашылды. Мемлекетке келтірілген 4,1 млрд теңге залалдың 3,3 млрд теңгесі қайтарылды. Бұл жалпы көрсеткіштің 82%-ын құрайды", - дейді Ахметжан Есімов.

Қала басшысының айтуынша, жалған кәсіпкерлік, заңсыз ойын бизнесі, сонымен қатар материалдық шығын келтіру секілді қылмыстарды анықтау мен жолын кесуге баса назар аударылуда, деп хабарлайды қала әкімдігі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны