11.02.2010, 17:25 3169

Қаржы полициясы Аблязовтың Құлыбаевқа қатысты мәлімдемесін тергеу алдындағы тексеруден өткізуде

Қаржы полициясы Аблязовтың Құлыбаевқа қатысты мәлімдемесін тергеу алдындағы тексеруден өткізуде

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі (Қаржы полициясы) Мұхтар Аблязовтың "Самұрық - Қазына" ҰИАҚ АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевқа қатысты мәлімдемесін тергеу алдындағы тексеруден өткізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today қаржы полициясының баспасөз орталығына сілтеме жасап.

"Мұхтар Аблязовтың "ҚазМұнайгаз" ҰК АҚ мен "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ компанияларының жекелеген активтеріне қатысты сауда-саттықтардың заңсыздығы туралы мәлімдемесі ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінде заңмен белгіленген тәртіп бойынша тіркелген және қазіргі қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес оған қатысты тексеру жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз орталығындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны