27.05.2009, 13:10 2064

Қаржы полициясы ағымдағы жылдың 4 айында қызметтік жалғандық деректері бойынша 140 қылмыс анықтады

Қаржы полициясы ағымдағы жылдың 4 айында қызметтік жалғандық деректері бойынша 140 қылмыс анықтады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы ағымдағы жылдың 4 айында қызметтік жалғандық деректері бойынша 140 қылмыс анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қызметтік жалғандық деректері бойынша 140 қылмыс анықталды. Олар негізінен мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған актілерге қол қою, жер учаскелерін жалған шешімдер арқылы заңсыз бөліп берумен байланысты",- деді ресми өкіл.

Мысалы, М.Жұманбайдың айтуынша, Атырау облысында тұрғын үй шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығы сотқа тапсырылды. Ол Атырау қаласы су құбырларын күрделі жөндеу бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, мемлекетке 20 млн теңге залал келтірген.

"Алматы облысында Қапшағай қаласының құрылыс бөлімінің бастығы қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Ол Халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы бойынша шын мәнінде атқарылмаған жұмыстары бойынша актілерге қол қойған. Мемлекетке 53 млн теңге залал келтірілген",- деді ресми өкіл.

Ал, қаржы полициясының мәліметінше, сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысында Зайсан қаласының әкіміне қатысты қылмыстық іс тергелуде. "Ол жер учаскесін сатып алу туралы заңсыз өкім шығарып, мемлекетке 1 млн 300 мың теңге залал келтірген",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны