24.06.2009, 14:18 1399

Қаржы полициясы ағымдағы жылы экономика және мемлекеттік басқару салаларындағы қылмыстардың арта түскенін атап көрсетеді

Қаржы полициясы ағымдағы жылы экономика және мемлекеттік басқару салаларындағы қылмыстардың арта түскенін атап көрсетеді

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы ағымдағы жылы экономика және мемлекеттік басқару салаларындағы қылмыстардың арта түскенін атап көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 5 айында қаржы полициясы органдары экономика және мемлекеттік басқару салаларындағы ұйымдасқан қылмыс фактілері бойынша 10 қылмыстық іс қозғады, бұл былтырғы жылдың осы кезең көрсеткіштерінен екі есе көп",- деді ол.

Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған қылмыстардың көпшілігі банк қызметі саласында анықталды. Олардың барлығы жалған құжаттар арқылы жалған тұлғаларға несие алу жолымен банк қаражатын ұрлау мақсатында жасалған.

"Алматы қаласында жалған құжаттар арқылы жалған тұлғаларға несие алу жолымен екінші деңгейдегі банкілердің ақшалай қаражаттарын ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Олар кепіл заты ретінде өзге тұлғалардың мүлкін рәсімдеген. Осылайша, қылмыстық топпен 530 мың АҚШ доллары және 60 млн теңге ұрланған.

Қазіргі кезде топтың ұйымдастырушысы және 2 белсенді мүшесі қамауға алынды, біреуі кепілдікте жүр, ал екі қатысушы іздеуге жарияланды",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны