02.12.2008, 18:32 2833

Қаржы полициясы "Алматы Н-Коммерц" ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясы "Алматы Н-Коммерц" ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы "Алматы Н-Коммерц" ЖШС директорының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті кәсіпкердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші бабы (жалған кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол кәсіпкерлікпен шұғылдану ниетінсіз "Алматы Н-Коммерц" ЖШС атты жалған кәсіпорынды тіркеу арқылы 50 млн 908 мың теңгенің салығын төлеуден жалтарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны