22.02.2007, 14:58 3160

Қаржы полициясы Атырау облысының кеден органдарындағы заң бұзушылық деректерін әшкерледі

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес Агенттігі Атырау облысының кеден органдарындағы бірқатар заң бұзушылық деректерін әшкереледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі кеше өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысындағы агенттік төрағасы Сарыбай Қалмырзаевтың баяндамасына сілтеме жасай отырып.

"Атырау облысының кеден органдары кедендік брокер болып табылатын "НЭК" ЖШС-не төрт жыл бойы посткедендік бақылау жасамаған, ал декларацияланған 28 мың кедендік жүк декларациясы тексерілмеген ",- деді Сарыбай Қалмырзаев.

Агенттіктің белгілеген аудиторлық және салық тексерулері 1,6 млрд теңге көлеміндегі салық төлемдері мен басқа да төлемдерден тікелей жалтару деректерін әшкерелеп отыр. "Облыстың салық комитеті аталмыш ЖШС-тің қызметін сегіз жыл бойы тексермегендігін де атап өткен жөн",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны