29.04.2010, 14:38 2721

Қаржы полициясы ауа-райын болжауға жауапты бірқатар лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартты

Қаржы полициясы ауа-райын болжауға жауапты бірқатар лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартты

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы ауа-райын болжауға жауапты бірқатар лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Атырау облысында Гидрометеорология орталығының директоры сотқа тапсырылды, ол гидробекеттерін салу және ағымды жөндеу бойынша жұмыстардың жалған актілеріне қол қою жолымен 15 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған",- деді М.Жұманбай.

"Алматы облысында да Гидрометеорология орталығының директоры сотқа тапсырылды. Ол конкурсты өткізбестен, жоспарлық-сметалық құжаттаманы дайындамастан, тиісті лицензиясы жоқ кәсіпорынмен Сасықкөл, Қошқаркөл және Жалаңашкөл көлдерінде гидробекеттердің құрылысы туралы келісім-шартқа отыру арқылы 8,8 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иеленіп жұмсап жіберген",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны