31.12.2013, 13:01 6189

Қаржы полициясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директорын қамауға алды

"Мал шаруашылығы және ветеринарияның ғылыми-инновациялық орталығы" ЖШС-нің бас директорынан 720 мың теңге пара алу үстінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаментінің директоры М.Бақтыбаевты ұстады",- делінген хабарламада.

Алматы. 31 желтоқсан. Kazakhstan today. Қаржы полициясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директорын қамауға алды, деп хабарлайды Kazakhstan today Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2013 жылғы 28 желтоқсанда Астана қаласының Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері ет өнімділігі бағытындағы ірі қара малды индекстік бағалауды дайындау бойынша мемлекеттік сатып алудың келісім-шартына қол қоюға көмектескені үшін "Мал шаруашылығы және ветеринарияның ғылыми-инновациялық орталығы" ЖШС-нің бас директорынан 720 мың теңге пара алу үстінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаментінің директоры М.Бақтыбаевты ұстады",- делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны