20.05.2009, 13:12 1459

Қаржы полициясы банк саласында алаяқтықтың көптеген фактілерін анықтады

Қаржы полициясы банк саласында алаяқтықтың көптеген фактілерін анықтады

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы банк саласында алаяқтықтың көптеген фактілерін анықтады. Оның ішінде банк қызметкерлерінің қатысуымен жасалғандары да кездеседі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ресми өкілдің айтуынша, банк саласындағы алаяқтық іс-әрекеттерінің қомақты бөлігі жалған құжаттарды қолданумен және несие алу мақсатында жасалады.

Мәселен, қаржы полициясының мәліметінше, Оңтүстік-Қазақстан облысында жалған құжаттар бойынша банкілердің бірінде 19 млн 900 мың теңге несие алған екі азамат сотқа тапсырылды. Осында сондай-ақ, жалған құжаттар арқылы 7 млн теңге несие алған азамат сотқа тапсырылды.

Банк алдындағы міндеттемелерін уақытынан бұрын өтеуге немесе несие алуға ниетті азаматтар да алаяқтардың құрбанына айналып отыр.

"Ақтау және Жаңаөзен қалаларының 35 тұрғынының сеніміне қиянат жасап, олардың банкілік қарыздарын жабамын деген сылтаумен 10 млн теңгеден астам қаражатын ұрлаған С. деген азаматша Атырау қаласында қамауда отыр. Ұсталғанға дейін соттың санкциясымен іздеуге жарияланған ол жақын арада Маңғыстау облысына жөнелтіледі",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, Алматыда С. деген азаматша қамауға алынды. Ол ипотекалық несие алып беремін деген жалған уәдемен бірнеше азаматтың 709 млн 800 мың теңге қаржысын заңсыз иемденген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны