27.05.2009, 14:01 2403

Қаржы полициясы биыл билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың 30 дерегін анықтады

Қаржы полициясы биыл билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың 30 дерегін анықтады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы биыл билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың 30 дерегін анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Пайда мен артықшылық алу немесе басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қатарына жатады. Қаржы полициясы биыл осындай 30 факт анықтаған, былтыр бұл көрсеткіш 8 болған",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, мәселен, Қостанай облысында Арқалық қаласының жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығы сотқа тапсырылды. Ол сот шешімімен лауазымынан босатылса да, қала аумағын абаттандыру бойынша құны артық көрсетілген актілерге қол қойған. Соның салдарынан мемлекетке 1,5 млн теңге залал келтірілді.

Ал, Маңғыстау облысында 2 жылға бас бостандығынан айыруға түзеу колониясының бастығы Құлшиев сотталды. Ол сотталған адамға жазаны өтеуден жалтаруға мүмкіндік берген, деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны