04.11.2010, 15:43 3693

Қаржы полициясы "дәрігерлердің ісін" сотқа дейін жеткізбек ниетте

Қаржы полициясы "дәрігерлердің ісін" сотқа дейін жеткізбек ниетте. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында мекеме төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - қараша. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы "дәрігерлердің ісін" сотқа дейін жеткізбек ниетте. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында мекеме төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Егер дәрігерлер кінәлі болса, оларды жазаға тарту шарасын тек сот органдары анықтайды. Ал біз істі сотқа жеткіземіз",- деді Қ. Қожамжаров.

Ол сондай-ақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің үстінен қозғалған істі тергеу "қылмыстық-процессуальдық заңнама негізінде әдеттегі режиммен жалғасып жатқандығын" атап өтті.

"Бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деп айыпталып отырған бұрынғы министрді төрт адвокат қорғап отыр. Менің ойымша, қандайда бір проблема жоқ, барлығы заң жүзінде өтуде",- деп хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны