02.04.2008, 19:15 3016

Қаржы полициясы "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның жетекшісін ұстады

Қаржы полициясы "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның жетекшісін ұстады

Алматы. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің қызметкерлері "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның президенті Жақсыбек Күлекеевті ұстады, деп хабарлайды агенттік қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Ибдірәлі Бөлебайдың хабарлауынша, Ж. Күлекеевті кеше тұтқындаған.

"Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Изірге біз тергеу мүддесіне сәйкес оған қандай баптармен айып тағылатынын айта алмаймыз", -деді қаржы полициясының өкілі.

Ж. Күлекеев "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның президенті қызметіне өткен жылдың мамыр айында тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны