23.04.2009, 17:17 3326

Қаржы полициясы Қазақстанның бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне қатысты тергеуді аяқтады

Қаржы полициясы Қазақстанның бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне қатысты тергеуді аяқтады

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы Қазақстанның бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаров бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз тергеуді аяқтадық. Осы аптаның дүйсенбісінде бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа тергеудің аяқталғаны туралы мәлім етілді. Қазір айыпталушы мен оның адвокаттары іс материалдарымен танысып жатыр. Олар танысуды ақтай сала іс бірден прокуратураға жіберіліп, одан кейін сот органдарына табысталады", - деді Қ. Қожамжаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны