22.01.2008, 15:43 1628

Қаржы полициясы Қазақстанның БжҒМ халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы президентіне қатысты қылмыстық істі прокуратураға жіберді

Қаржы полициясы Қазақстанның БжҒМ халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы президентіне қатысты қылмыстық істі прокуратураға жіберді

Астана. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы президенті Илжан Бралиевтің үстінен қозғалған қылмыстық істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберу үшін прокуратураға жіберді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің сыбайлас жемқорлық жөніндегі істерді ашу және алдын алу департменті бастығының орынбасары Сәтім Тастайбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бралиев Қазақстан Республикасы президентінің "Болашақ" степендиясын беруге үміткерлердің тізіміне қойылған талаптарға сай емес тұлғаларды біле тұра қосып, басқа үміткерлердің конституциялық құқықтарын бұзған",- деп еске сала кетті С. Тастайбеков.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, осының нәтижесінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік степендияға орташа үлгерім балы 4,5 болатын, яғни іріктеу тәртібіне сай емес 40 үміткер ұсынылған.

"Аталмыш степендиаттардың шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқытуға және олардың өмір сүруіне 134 млн теңгеден астам қаржы шығындалған",- деп атап көрсетті ол. "Мұның степендиаттардың кінәсінан емес, тек министрліктің лауазымды тұлғасының кінәсі екендігін атап өту керек",- деді ол. Сондай-ақ, оның айтуынша, көрсетілген степендия иелері шетелдегі оқуларын өз есептерінен жалғастыра алады.

"Сонымен қатар, аталмыш қылмыстық іс аясында И. Бралиевтің өзіне және өзінің орынбасарлары Р. Нәбиева мен Д. Қасымоваға мемлекетке 5,7 млн теңге көлемінде шығын әкеле отырып, сыйақы төлемдерін аударып отырғандығы анықталды",- деп қосты С. Тастайбеков.

Ол сондай-ақ, білім беру саласындағы қылмыстық-құқықтық стаистикаға сүйенсек, сыбайлас жемқорлық қылмыстары кең етек алған сала екендігін атап өтті. "2007 жылы қаржы полициясы осы салада 197 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтаған",- деп түсіндіріп өтті қаржы полициясы бастығының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны