27.05.2009, 13:53 1417

Қаржы полициясы қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты 191 млн 800 мың теңге бюджет қаражатын ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясы қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты 191 млн 800 мың теңге бюджет қаражатын ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 191 млн 800 мың теңге бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қаржы полициясы қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты 191 млн 800 мың теңге бюджет қаражатын ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғады. Бұл қаражат Қапшағай қаласындағы әскери бөлімдердің біріне жаттығу құралдарын алу үшін бөлінген, алайда ол шын мәнінде жеткізілмеген, ал қабылдап алу актісі жөндеуден өткізілген ескі құралдарға жасалған",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны