03.06.2009, 12:23 1353

Қаржы полициясы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті департаментінің үш лауазымды тұлғасынан құралған топтың қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі

Қаржы полициясы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті департаментінің үш лауазымды тұлғасынан құралған топтың қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл департаментінің үш лауазымды тұлғасынан құралған топтың қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

М.Жұманбайдың айтуынша, жылдың басынан қаржы полициясы органдарына Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерден қалдықтардың паспорттарын келістіру және тіркеу үшін жүйелі түрде ақшалай пара алумен айналысады деген ақпарат келіп түсті.

Бұл ақпарат бойынша агенттік жедел-іздеістіру шараларының кешенін жоспарлап жүзеге асырды. Оның нәтижесінде аталмыш департаменттің үш лауазымды тұлғасынан құралған топтың қылмыстық іс-әрекеті анықталып әшкереленді.

"Мәселен, ағымдағы жылдың 25-26 мамырында жеке кәсіпкерден жалпы соммасы 160 мың теңге пара алу үстінде агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері пара алумен айналысқан Экология департаментінің бастығы Ибдінұр Батаев пен оның қарамағындағы қызметкерлерді ұстады",- деді ресми өкіл.

"Осылайша, қызметтік бабын пайдалана отырып, өзара рөлдерді бөлісу арқылы парақорлықпен айналысқан лауазымды тұлғалардың қылмыстық іс-әрекетіне тосқауыл қойылды",- деді ол.

Ресми өкілдің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 29 мамырында Батаев сот санкциясымен қамауға алынды, ал топтың басқа қатысушыларынан ешқайда шықпау туралы қолхат алынды. "Олардың барлығына пара алды деген айып тағылды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны