16.09.2008, 12:52 1427

Қаржы полициясы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғады

Қаржы полициясы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғады

Алматы. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің тергеу департаменті ҚР денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан техникалық қадағалау органының жетекшісі бола тұра "Астанадағы 500 төсекке арналған Республикалық ана мен бала жөніндегі ғылыми орталық" нысанының құрылысы бойынша фирма іс жүзінде атқармаған жұмыстарды қоса отырып, атқарылған жұмыстардың актісіне заңсыз қол қойған лауазымды тұлғаның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің қызметтік жалғандық жөніндегі 314-ші бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сөйтіп лауазымды тұлғаның қызметтік жалғандығынан мемлекетке 72 млн 47 мың теңгенің шығыны келді.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының лауазымды тұлғасына қатысты "Астанадағы 500 төсекке арналған Республикалық ана мен бала жөніндегі ғылыми орталық" нысанының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қоюдағы немқұрайдылығы үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны