16.04.2008, 15:55 3375

Қаржы полициясы Күлекеевті айыпты деп санайды және қылмыстық істі сотқа жеткізбекші

Қаржы полициясы Күлекеевті айыпты деп санайды және қылмыстық істі сотқа жеткізбекші

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Қазақстан Темір Жолы" ҰК"АҚ-ның бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеевті айыпты деп санайды және қылмыстық істі сотқа жеткізбекші. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз оның қылмыс жасағанына күдік келтірмейміз және оны дәлелдеп, сотқа жеткіземіз", - деді Абзал Кәрімов.

Оның нақтылауынша, "Ж. Күлекеев қазір тергеу абақтысында отыр".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК"АҚ-ның бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеевті қаржы полициясы компаниялардың біріне мемлекеттік сатып алулар тендері бойынша оң шешім шығару үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған күдікті деп тануда. Ол 1 сәуір күні тұтқындалған. Оған қатысты аса ірі көлемдегі 100 мың доллар пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-тармағы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айыпталушы Жақсыбек Күлекеев және оның қорғаушылары ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 110-бабының тәртібіне орай Сарыарқа аудандық сотында оны қамауға алу санкциясына шағым түсірді. Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты дүйсенбі күні "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевтің шағымын қанағаттандырмай тастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны