Система Orphus

Қаржы полициясы мен Ішкі істер министрлігінің іс-әрекеттеріндегі түсінбестіктің себептерін анықтау үшін ортақ ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды

07.10.2009, 17:20 1089

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы мен Ішкі істер министрлігінің іс-әрекеттеріндегі түсінбестіктің себептерін анықтау және оларды жою мақсатында қызметтік тексеріс жүргізу үшін ІІМ Ішкі қауіпсіздік қызметкерлері мен қаржы полициясы қызметкерлерінен құралған ортақ ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ресми өкілдің айтуынша, "қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір мемлекеттік органның міндеті болып табылады. Бұл бағытта Қаржы полициясы мен Ішкі істер министрлігі арасында толық түсіністік орнаған. Мәселен, Ішкі істер министрі С. Баймағанбетов пен Агенттік төрағасы Қ.Қожамжаров ұйымдасқан қылмыстылық және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша бірқатар ортақ бұйрықтар мен жоспарларға қол қойған".

Қ.Жұмановтың айтуынша, "кейбір жеке жағдайларда облыстарда жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде түсінбестік орын алады. Бұл жағдайды жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары екі ведомство арасындағы қақтығыс ретінде көрсетеді. Бұл шындыққа сәйкес келмейді".

"Бұндай түсінбестіктің орын алу себептерін анықтау және оларды жою мақсатында қызметтік тексеріс жүргізу үшін ІІМ Ішкі қауіпсіздік қызметкерлері мен агенттік қызметкерлерінен құралған ортақ ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Аталмыш тексерістің нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны