14.10.2009, 16:52 3610

Қаржы полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында шиеленіс бар деген ақпарат шындыққа сай келмейді - қаржы полициясы

Қаржы полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында шиеленіс бар деген ақпарат шындыққа сай келмейді - қаржы полициясы

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында қызметтік шиеленістер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жекелеген БАҚ өкілдері осыдан бірер күндер бұрын таратқан Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті мен ҰҚК департаменті арасында қызметтік шиеленістер туындағаны жөніндегі ақпарат шындыққа сай келмейді,- деп мәлімдеді М.Жұманбай.

"Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК органдары арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, соның ішінде өз қатарындағы жемқорлықпен күрес бойынша әріптестік тиісті деңгейге қойылған. Бірқатар ортақ ведомствоаралық бұйрықтар мен жоспарлар қазіргі кезде жүзеге асырылуда. Біздің ведомстволар арасындағы қақтығыстар туралы айту орынсыз. Себебі, әрбір органның заңмен белгіленген міндеттері мен мақсаттары және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы анықталған тергелу реті бар", дейді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны