03.04.2009, 18:31 4413

Қаржы полициясы ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясы ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғады

Шымкент. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарының үстінен ұтыс билеттерін заңсыз сатқаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО бойынша ЭСЖҚД ОҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 307- бабының 1 -тармағы бойынша (Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғады.

"Ол 2008 жылы, лауазымды тұлға бола тұра, өз қызметтiк өкiлеттiгiн кереғар пайдаланып, облыстағы медициналық мекемелердің қызметкерлері арасында жалпы көлемі 2 млн 500 мың теңгеге 500 ұтыс билетін сатқан",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны