03.02.2010, 15:23 3259

Қаржы полициясы органдары 2009 жылы 10 мыңнан астам қылмысты анықтады

Қаржы полициясы органдары 2009 жылы 10 мыңнан астам қылмысты анықтады

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - 2009 жылы қаржы полициясы органдары 10293 қылмысты анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қаржы полициясы органдары 2009 жылы 10 мыңнан астам қылмысты анықтады. Олардың үштен біріне жуығын ауыр және аса ауыр қылмыстар құрады. Сотқа 7929 қылмыстық іс жіберілді",- деді ол.

Қаржы полициясының мәліметінше, қабылданған іс-шаралар нәтижесінде мемлекет пен азаматтарға келтірілген және анықталған 243,1 млрд тенге залалдың 183,8 млрд тенгесі өтелді.

М.Жұманбайдың айтуынша, 61,9 млрдтеңге немесе 34% бюджетке өндірілді, 43,5 млрдтеңгесі - азаматтарға (23,7%), 78,4 млрд теңгесі (42,6%) - шаруашылық жүргізуші субъектілерге.

Қаржы полициясы органдары кәсіпкерлерді қолдау және олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау мәселелеріне аса назар аударады.

Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салған мараторий мерзімінің біткендігіне қарамастан, агенттік төрағасының бұйрығымен қаржы полициясы органдарының жеке құрамы қызметін мараторий жағдайында жалғастыруда. Нәтижесінде бұндай тексерістердің саны (45) 2008 жылғы көрсеткішпен (328) салыстырғанда 7 есеге азайған.

Қазіргі кезде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеру халық денсаулығымен немесе дәрі-дәрмек пен азық-түліктің заңсыз айналымымен байланысты болған жағдайларда жүргізіледі.

Экономикалық қызмет саласында қаржы полициясы органдары 3087 қылмыс анықтады, бұл 2008 жылғымен салыстырғанда 21%-ға артық, деді ресми өкіл.

Оның хабарлауынша, экономика дамуының бүгінгі жағдайында қызметіміздің басым бағыттарының бірі ретінде бюджеттің табыс бөлігін еселеп азайтатын көлеңкелі экономикаға қарсы тұру болып табылады. Бірінші кезекте, бұл - жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік сатып алулар мен акциздік өнім салаларындағы заңсыз айналымның жолын кесу. Бүгінгі күні салық төлеуден жалтару капиталды "көлеңкеге" шығарудың кең тараған жолы болып отыр, ал қылмыстық табыстарды заңдастыру жалған кәсіпкерлік арқылы жүзеге асырылады.

"Жеке және заңды тұлғалардың салық төлеуден жалтару фактілері 31%-ға көп анықталған, олар бойынша 903 қылмыстық іс қозғалды. Жалған кәсіпкерлік фактілерін анқтау 1,5 есеге артты (560 іс). Бұл қылмыстармен мемлекетке 59,3 млрд теңге залал келтірілген, оның 26,8 млрд теңгесі өтелді, 8,2 млрд теңгеге тыйым салынды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны