03.02.2010, 18:18 3156

Қаржы полициясы органдары 2009 жылы 1486 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады

Қаржы полициясы органдары 2009 жылы 1486 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы органдары 1486 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады, ол барлық құқық қорғау органдарымен тіркелген осындай қылмыстардың 78%-ын құрайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қаржы полициясы өкілінің хабарлауынша, осы санаттағы 1282 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстармен келтірілген 3,2 млрд.теңге мемлекетке өтелді.

Парақорлық фактілерін анықтау 39%-ға артқан (426), оның ішінде пара алу фактілері - 25%-ға (197), ал параны беру фактілері - 54%-ға (214) артқан.

М.Жұманбайдың айтуынша, "мысалы, парақорлық үшін - Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Есіл департаментінің бастығы Батаев, Алматы облысында - Іле аудандық сотының судьясы Игеліков, Оңтүстік-Қазақстан облысында - Арыс аудандық сотының судьясы Елекеев, Мақтаарал аудандық сотының судьясы Абдрахманов, Арыс қаласының әділет басқармасының бастығы Тұрсымбеков, Арыс қаласының әкімі Сатымбеков, Шымкент қаласы АХАЖ бастығы Молдашева, Маңғыстау және Алматы облыстарында - түзеу колонияларының бастықтары Сарұлов пен Ережепов, Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Темірбаев; қызмет өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін - Астана қаласы құрылыс департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ярош, қоршаған ортаны қорғаудың бұрынғы министрі Ысқақов, Маңғыстау облысының қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы Ноғаев пен оның орынбасары Орынбасаров; қызметтік жалғандық жасағаны үшін - Астана қаласы құрылыс департаментінің бастығы Нұрмағамбетов және оның бағыныштылары Мұстафаев пен Махметов; қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін Ақмола облысында түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы Горбань, Атырау облысының Құрманғазы аудандық әділет департаментінің бастығы Бекбұсынов сотталды",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны