30.04.2009, 10:08 3416

Қаржы полициясы органдары ағымдағы жылдың 3 айында акциздік тауарлардың заңсыз айналымы саласында 117 қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясы органдары ағымдағы жылдың 3 айында акциздік тауарлардың заңсыз айналымы саласында 117 қылмыстық іс қозғады

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы органдары ағымдағы жылдың 3 айында акциздік тауарлардың заңсыз айналымы саласында 117 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай кеше өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, былтырғы жылдың осы кезеңінде 72 іс қозғалған. Яғни, бұл көрсеткіш 38,5%-ға артқан. Сотқа 18 қылмыстық іс жіберілді. Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша залал соммасы 51 млн. 200 мың теңгені құрады.

М.Жұманбайдың хабарлауынша, мәселен, Ақтөбе облысында Б деген азаматшаға қатысты қылмыстық іс тергелуде. Онда 21 мың дана жалған акциз маркалары, 30 мың заттаңбалар, шөлмектердің қақпақшаларын жабатын механикалық құрал, қақпақшалар, сондай-ақ этил спирті мен жалған маркаланған 600 шөлмек көлеміндегі сатуға дайын алкогольдік өнім табылды.

"Қостанай облысында қылмыстық жауапкершілікке тартылған бір азамат өзінің гаражында қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді маркалау мақсатында 10 мың дана жалған акциздік марканы сақтаған",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны