13.05.2009, 16:23 1485

Қаржы полициясы органдары ағымдағы жылдың 3 айында салық төлеуден жалтару фактілері бойынша 178 қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясы органдары ағымдағы жылдың 3 айында салық төлеуден жалтару фактілері бойынша 178 қылмыстық іс қозғады

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы органдары ағымдағы жылдың 3 айында салық төлеуден жалтару фактілері бойынша 178 қылмыстық іс қозғады, 102 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, осындай қылмыстық істер бойынша келтірілген залал мөлшері былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 85,4%-ға артып, 14,5 млрд теңгені құрады. Оның 12 млрд 100 млн теңгесі өндіріліп алынды (86%-ға артқан).

"Салықты төлеуден жалтару фактілерінің басым бөлігі жалған кәсіпорындардың қызметімен байланысты, сондықтан Агенттіктің бастамасымен 2007 жылғы 21 шілдеде жалған кәсіпкерлік үшін жауаптылық ауырлатылған болатын. Қылмыстық кодекстің 192-бабы ауырлататын мән-жайлар үшін жауапкершілікті көздейтін 2 және 3 бөліктермен толықтырылды, сондай-ақ қылмыстың бұл түрі ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды",- деді ресми өкіл.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, салық төлеуден жалтарудың көпшілігі салық декларациясына жалған мәліметтер енгізу жолымен жасалады.

Мәселен, М.Жұманбайдың ақпаратына сәйкес, Қостанай облысында 2 жылға ұйымдарда басшылық лауазымда болу құқығынан айырумен және 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеумен 3 жылға бас бостандығынан шартты түрде айыруға "Делмал" ЖШС директоры Қасенов Е. сотталды. Ол салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен 362 млн. 600 мың теңге көлеміндегі салық төлеуден жалтарған.

Мысалы, "Алматыда "Рей-М", "Гера2005", "Нисса А", "Компания КААН-21", "Dara-SK", "Корпорация РКН", "Лутан-Си", "ДиАл Trade", "Инжил сервис-К", "DEZ ЖЕНІС" сияқты 10 жалған кәсіпорынның директорына қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Ол 2007-2008 жылдары аталған жалған кәсіпорындарды тіркеу және олардың салықтық декларацияларын тапсырмау арқылы 1 млрд 400 млн теңге салық төлеуден жалтарған. Айыпты қамауға алынды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны