20.05.2009, 15:09 2532

Қаржы полициясы органдары бірнеше адамды жалған кәсіпкерлік және алаяқтық деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартты

Қаржы полициясы органдары бірнеше адамды жалған кәсіпкерлік және алаяқтық деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартты

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы органдары бірнеше адамды жалған кәсіпкерлік және алаяқтық деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматы қаласында сот үкімімен 8 жыл бас бостандығын айыруға Е. Ахметова кесілді. Ол фитнес-орталығына бірге меншік иесі болуға шақыру арқылы сенімге қиянат жасау жолымен бірнеше азаматтың 466 млн теңгесін ұрлаған",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, Астанада 10 жылға бас бостандығынан айыруға "Брабус Мобил" ЖШС директоры Хамитов Е. сотталды. "Ол мұнай өнімдерін сату келісім-шартына отыру желеуімен "ЕвразияКонсалтГрупп" және "РеалтТоргЦПГ" ЖШС - нің 146 млн теңге қаражатын заңсыз иеденіп кеткен. Тергеу барысында 19 млн теңге залал өтелді, 78 млн теңгеге тыйым салынды",- деді ресми өкіл.

Қаржы полициясы өкілінің мәліметінше, "Алматыда "НПП АСКБ Алатау" ЖШС құрылтайшысына қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Ол басқа құрылтайшыларды алдау арқылы серіктестіктің 87 млн 400 мың теңгесін ұрлаған. Айыпты қамауға алынды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны