04.07.2012, 12:08 3050

Қаржы полициясы органдарынан 57 басшы қызметкер жұмыстан босатылды

Оның айтуынша, 21 мамырдан 19 маусымға дейін қаржы полициясының 68 қызметкері, олардың қатарында агенттік төрағасының орынбасарлары, аппарат жетекшісі, орталық аппарат департаменттерінің бастықтары, қаржы полициясы академиясының бастығы аттестациялық сынақ тапсырды. Оның ішінде 20 қызметкер аттестациялық сынақ талаптарынан өте алмай қалды. 9 қызметкер аттестациялаудан өтуден бас тартып, лауазымдарынан босату жөнінде өтініш жазды.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы органдарынан 57 басшы қызметкер жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қаржы полициясы органдарының басшылық құрамы 85 пайызға жаңартылды.

Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Оның айтуынша, 21 мамырдан 19 маусымға дейін қаржы полициясының 68 қызметкері, олардың қатарында агенттік төрағасының орынбасарлары, аппарат жетекшісі, орталық аппарат департаменттерінің бастықтары, қаржы полициясы академиясының бастығы аттестациялық сынақ тапсырды. Оның ішінде 20 қызметкер аттестациялық сынақ талаптарынан өте алмай қалды. 9 қызметкер аттестациялаудан өтуден бас тартып, лауазымдарынан босату жөнінде өтініш жазды.

М. Жұманбайдың атап өткеніндей, сынақтан құлағандардың қатарында қаржы полициясының аумақтық департаменттерінің бастықтары, департамент бастықтарының орынбасарлары бар.

"Сонымен бірге ағымдағы жылдың басынан кезектен тыс аттестаттау басталмас бұрын тапсырылған жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағандары үшін 37 басшы қызметкер лауазымдарынан босатылған. Олардың қатарында агенттік төрағасының 2 орынбасары, орталық аппарат департаменттерінің бастықтары, аумақтық департаменттердің бастықтары мен олардың орынбасарлары бар. Талапқа сәйкес келмеуіне байланысты қызметінен босатылған аталған 37 қызметкерді және аттестациялаудан өте алмаған қызметкерлерді бірге санағанда қаржы полициясы органдарынан 57 басшы жұмыстан босатылды", - деді М. Жұмабай.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, босатылған орындарға әлі қызметкерлер тағайындалған жоқ. Оларды тағайындау барысында орталық аттестациялық комиссия тартылады.

Еске сала кетейік, аттестациялық сынақтарды тапсырудың ең төмен деңгейі 70 пайызды құрайды. Келесі аттестаттау шілде айында өтеді. Онда 530 қызметкер сынақ тапсыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны