27.02.2009, 18:39 2931

Қаржы полициясы өз қызметкерлерінің әйелдерді зорлау оқиғаларына қатысы бар екенін дәлелдейтін ресми мәліметтердің жоқ екенін мәлімдейді

Қаржы полициясы өз қызметкерлерінің әйелдерді зорлау оқиғаларына қатысы бар екенін дәлелдейтін ресми мәліметтердің жоқ екенін мәлімдейді

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы өз қызметкерлерінің әйелдерді зорлау оқиғаларына қатысы бар екенін дәлелдейтін ресми мәліметтердің жоқ екенін мәлімдейді. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз хатшысы Дәмежан Есенбекова бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы полициясында өз қызметкерлерінің әйелдерді зорлау оқиғаларына қатысы бар екенін дәлелдейтін ресми мәліметтер жоқ ", - деді Д. Есенбекова.

Оның айтуынша, бірінші жағдайда жәбірленушінің жазбаша арызы бойынша Астана қалалық ішкі істер органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөнінде қаулы шығарған. "Ал екінші оқиға бойынша ІІД ҚР Қылмыстық кодексінің 120-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны