24.06.2009, 12:58 1232

Қаржы полициясы Ресей аумағынан іздеуге жарияланған автомобильдерді контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, маслихаттың бұрынғы депутаты басқарған қылмыстық топтың іс-әрекетін анықтады

Қаржы полициясы Ресей аумағынан іздеуге жарияланған автомобильдерді контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, маслихаттың бұрынғы депутаты басқарған қылмыстық топтың іс-әрекетін анықтады

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы Ресей аумағынан іздеуге жарияланған автомобильдерді контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, маслихаттың бұрынғы депутаты басқарған қылмыстық топтың іс-әрекетін анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қаржы полициясы органдары құрамына лауазымды тұлғалар кірген ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетін анықтады. Мәселен, Шығыс-Қазақстан облысында құрамында "Ауыл" кедендік бекетінің 2 қызметкері, "ТрансГруппСемей" ЖШС мен "Суханов и К" брокерлік компаниясының қызметкерлері болған ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекеті әшкереленді. Оның басшылығын маслихаттың бұрынғы депутаты жүзеге асырған",- деді М.Жұманбай.

Ресми өкілдің айтуынша, аталмыш қылмыстық топ Ресей Федерациясының аумағынан іздеуге жарияланған автомобильдерді контрабандалық жолмен әкеліп отырған. Топтың басшысы қамауға алынды.

"Сонымен бірге тергеумен қылмыстық топтың ұйымдастырушысының ұзақ уақыт Қытай Халық Республикасынан тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен және одан әрі Ресей Федерациясына шығарумен айналысқандығы анықталды",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны