19.04.2012, 16:29 3400

Қаржы полициясы республика бойынша 41 астыртын ойынхананың қызметін әшкереледі

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы республика бойынша 41 астыртын ойынхананың қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

"Ірі көлемде табыс әкелетін бизнес болып заңсыз ойынхананың қызметі саналады. Қаржы полициясы органдары республика бойынша 41 астыртын ойынхананың қызметін әшкереледі", - дейді Мұрат Жұманбай. Мысалы, Алматы қаласында заңсыз электрондық казино қызметі анықталып, онда 47 ойын аппараты және 3 электрондық рулетка, оған қоса 1 млн.теңгеден астам ақшалай қаражат алынған. Аталған мекеменің қызметін ұйымдастырған Ларионовқа айыппұл салынды. Тоқтала кететін жайт, бұдан бұрын, Ларионов 2010 жылы заңсыз электрондық казино қызметін ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 52 ойын аппараты және электрондық рулетка мен 240 мың теңге алынған еді.

"Сонымен қатар, Қарағанды қаласында "Тамаша" ойынханасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұл мекеме ақшалай ұтыссыз жұмыс істейтін салонның атын бүркемеленіп жұмыс істеген. Мекеме 5 қабатты үйдің жертөлесінде жұмыс істеген. Казиноға тексерілген таныс клиенттер ғана кіргізілген. Қарау барысында 2 рулетка, 32 ойын автоматы және 4,1 мың АҚШ доллары, 590 мың теңге алынды. Казино иегері Юсупов айыппұл төлеуге сотталды. Ал Ақтөбе қаласында азамат Рогашков осындай қылмысы бойынша 1,5 млн.теңге сомасында айыппұл төлеуге кесілді. Ол 3,7 млн.теңге заңсыз табыс алған жасырын ойынхана қызметін ұйымдастырған. Сонымен қатар, аталған қалада "Минари" кафесінің ғимаратында орналасқан ойынханадан 6 покер үстелі, 1 рулетка үстелі, 3 мыңға жуық ойын фишкалары алынды, ал табылған 10 мың АҚШ доллары және 2,3 млн.теңге мемлекет кірісіне өндірілді", - дейді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны