03.02.2010, 18:03 3046

Қаржы полициясы үлескерлерді алдап кеткені үшін іздестіріліп жатқан Қазақстанның екі азаматының Таиланд елінен экстрадициялану мүмкіндігіне қол жеткізбекші

Қаржы полициясы үлескерлерді алдап кеткені үшін іздестіріліп жатқан Қазақстанның екі азаматының Таиланд елінен экстрадициялану мүмкіндігіне қол жеткізбекші

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі үлескерлерді алдап кеткені үшін іздестіріліп жатқан Қазақстанның екі азаматын Таиланд елінен экстрадициялау жөнінде өтініш жолдамақшы. Бұл туралы қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Экстрадициялау процедурасы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің құзыретіндегі іс. Бірақ біз өз тарапымыздан оларды экстрадициялау туралы өтініш жасап, онда екі азаматқа тағылған барлық айыптарды көрсететін боламыз", - деді М. Жұманбай журналистер сауалына берген жауабында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Интерполдың Қазақстандағы бюросына үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарының Таиланд елінде ұсталғаны туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстандағы үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматтары - ағайынды Құлман және Ғазиз Уәлихановтардың Таиланд елінде ұсталғаны туралы ақпарат түскен жоқ",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде олар Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде. Тайландтағы Интерполдың ұлттық орталығы хабарлағандай, аталған адамдар бұл елге өткен жылы қыркүйек-қазан айларында келген. Осыған орай Интерполдың Қазақстандағы бюросы ағайынды екеуді ұстап, елге қайтару жөнінде арнайы хат жіберген еді. Бірақ әлі күнге ол азаматтарды ұстау туралы ешқандай ақпарат жоқ", - дейді Қ.Жұманов.

"Азаттық" радиосының хабарлауынша, "Азия групп" компаниясының бас директоры Ғазиз Уәлиханов пен Құлман Уәлиханов, оның орынбасары мен әкесі үлескерлерден жинап алған 9 млн доллармен іздерін жасырып кеткен.

"Азия групп" тобына төрт бірлестік қамтылған және Астанадағы "Возрождение" және "Бейбітшілік", "Құлан" және "Шымбұлақ" тұрғын үй кешендерінің құрылыс нысандарын иемденген. Олардың соңғы екеуінде тіпті құрылыс жұмыстары мүлдем басталмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны