07.08.2012, 14:53 3157

Қаржы полициясының 19 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартты

Кезектен тыс аттестаттаудан қаржы полициясының 533 қызметкері өтуі керек болатын, оның 19-ы өз атқарып жатқан қызметтерінен босату туралы баянат жазып, аттестаттаудан өтуден бас тартты, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана. 7-тамыз. Kazakhstan Today - Қаржы полициясының 19 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кезектен тыс аттестаттаудан қаржы полициясының 533 қызметкері өтуі керек болатын, оның 19-ы өз атқарып жатқан қызметтерінен босату туралы баянат жазып, аттестаттаудан өтуден бас тартты, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Ведомство мәліметі бойынша, 2 қызметкер Искери-дәрігерлік комиссия орталығына тексеруден өтуге жіберілген, 4 қызметкер сырқатына байланысты жұмысқа қабілетсіз болғандықтан аттестаттаудан өтпеген.

Сонымен Орталық аттестаттау комиссиясының аттестаттауынан 508 қызметкер өтті. Оның 283-і - Агенттік қызметкері, 225-і - Қаржы полициясының Академиясы мен аймақтық департаменттерінің қызметкерлері.

Аттестаттаудан өтушілер Қазақстан Республикасының заңнамалары туралы біліміне, логикалық ойлауға және физикалық және әскери дайындық нормативтеріне тест тапсырып, сондай-ақ психологпен әңгімелесуден өтті.

Қаржы полициясы агенттігінің төрағасының басшылық етуімен Орталық аттестаттау комиссиясы қызметкерлермен өткізген әңгімелесу қорытындысы бойынша мына нәтижелерге қол жеткізілді:

1) 52 қызметкер немесе 10,3%-ы атқарып жатқан қызметіне сай және кадрлық резервке енгізу немесе жоғары қызметке тарту ұсынылады;

2) 393 қызметкер немесе 77,3%-ы атқарып жатқан қызметіне сай деп табылды;

3) 38 - атқарып жатқан қызметіне сай емес және қызметін төмендету ұсынылады;

4) 16 - атқарып жатқан қызметіне сай емес және басқа қызметке ауыстыру ұсынылады;

5) 9 қызметкер атқарып жатқан қызметіне сай емес және қаржы полициясы органынан жұмыстан босатылу ұсынылады.

Сонымен, Орталық аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен 508 қызметкердің 63-і немесе 12,4%-ы аттестаттаудан өте алмады. Оның 38 қызметкері - Қаржы полициясының Академиясы мен аймақтық департаменттердің бөлімдері мен басқармаларының бастықтары.

Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша қаржы полициясының аймақтық бөлімшелерінің орта басқарушы құрамы 27%-ға жаңартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны