05.09.2011, 18:18 3483

Қаржы полициясының басшысы елбасыға ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы судьяларына қатысты, "Қорғастағы" контрабандалық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдаған.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қаржы полициясының басшысы елбасыға ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы судьяларына қатысты, "Қорғастағы" контрабандалық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің тергелу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдаған.

Қ. Қожамжаров Мемлекет басшысына еліміздің Президентінің бақылауында тұрған, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы судьяларына, "Қорғас" пен "Қалжат" кеден бекеттеріндегі контрабандалық фактілері бойынша ҰҚТ-дың мүшелеріне қатысты бірқатар қылмыстық істердің тергелу барысы және басқалары туралы баяндап берді.

Бұдан басқа, қаржы полициясы органының ағымдағы жылдың 8 айының ішіндегі "көлеңкелі" экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары бойынша жедел-қызмет жұмысының нәтижелері баяндалды. Аталған кезеңде 5,5 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс ашылған. Бес мыңға жуық қылмыстық іс сотқа жолданған. Мемлекет пен азаматтарға келтірілген сомасы 113 млрд. теңге көлемінде зиян өтелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны