25.05.2010, 15:26 3081

Қаржы полициясының қызметкеріне пара беруге талпыныс жасағаны үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі ұсталды - газет

Қаржы полициясының қызметкеріне пара беруге талпыныс жасағаны үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі ұсталды - газет

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қаржы полициясының қызметкеріне пара беруге талпыныс жасағаны үшін өткен жексенбі, 23-мамырда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі Серік Сүлейменов ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Время" газетіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты газетке Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай растаған.

"Агенттік ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекциялау комитеті төрағасы Серік Сүлейменовке қатысты тексеру жүргізуде. Ол қызмет бабын пайдалану арқылы Павлодар облысындағы Қашыр нан қабылдау кәсіпорнында үш мәрте заңсыз уақытша басқару енгізген. Соның салдарынан "Зерновой интервенционный пул" ЖШС-іне тиесілі құны 68,2 млн теңге тұратын 5200 тонна астық бүлініп, құны 168 млн теңге тұратын 7 мың тонна астық талан-таражға салынған", - деді М. Жұманбай.

Оның айтуынша, "15 мамырда С. Сүлейменов осы деректерді тексеріп жатқан қаржы полициясының қызметкеріне өзін қылмыстық жауапкершіліктен құтқарып қалуы үшін ақшалай сыйақы ұсынған. Ал 22 мамырда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің шенеунігі қаржы полициясының офицеріне 50 мың АҚШ долларын беріп жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сол күні Сүлейменовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды", - делінген мақалада.

Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, "оның жұмыс бөлмесіндегі тінту кезінде оның жеке сейфінен 123,4 мың АҚШ доллары мен 5,4 млн теңге табылған. Пара ретінде берілген қағаз ақшалардың сериялық нөмірлері осы тінту кезінде тәркіленген ақшалардың сериясының жалғасы болып табылады. 23 мамырда сот санкциясымен С. Сүлейменов тұтқындалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны