05.01.2010, 15:38 3557

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, Қазақстанда 2009 жылы заңсыз ойын бизнесінен түскен заңсыз табыс 135 млн 400 мың теңгені құрады

2009 жылы қаржы полициясы органдары заңсыз ойын бизнесі саласында 26 қылмыстық іс қозғады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 54%-ға арттық. 17 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 10 тұлға сотталды.

Астана. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - Қаржы полициясының мәліметі бойынша, Қазақстанда 2009 жылы заңсыз ойын бизнесінен түскен заңсыз табыс 135 млн 400 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007 жылғы 1 сәуірде "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді. Заңның 11-ші бабына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады. Аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, қабылданған заңнамалық және әкімшілік шараларға қарамастан астыртын казинолар мен ойын автоматтар залдары тыйым салынған аумақтарда өз қызметін жалғастыруда.

2009 жылы қаржы полициясы органдары заңсыз ойын бизнесі саласында 26 қылмыстық іс қозғады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 54%-ға арттық. 17 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 10 тұлға сотталды.

Жүргізілген тексерістер нәтижесінде 256 астыртын ойын мекемесінің қызметі әшкереленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 88%-ға артық. Заңсыз ойын айналымынан 25 млн теңге, 1669 ойын автоматы, 39 рулетка және карта ойынына арналған 28 стол алынды.

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, заңсыз ойын бизнесінен түскен заңсыз табыс 135 млн 400 мың теңгені құрады.

Заңсыз казино ұйымдастыру жоғары табысты қылмыстық кәсіп болып табылады. Өткен жылдың 12 айында қаржы полициясы органдары республика бойынша 17 астыртын казиноның қызметін тоқтатты.

Мәселен, 2009 жылдың желтоқсан айында Қостанай қаласында жедел-іздестіру шараларының барысында Наримановская көшесіндегі 109 үйде қызмет етіп жатқан астыртын казино анықталды. Қарау кезінде карта ойнайнының 5 столы, 2 ойын автоматы, ақшалай ұтысы бар 3 электрондық рулетка және есептегіштердің мәліметтері мен ақшалай қаражат соммалары жазылған дәптер алынды. Тексеріс уақытында казинода 20 ойыншы және 7 крупье болған. 2,8 млн.теңгеден астам ақшалай қаражат тәркіленді.

Аталған факт бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Сол сияқты өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында "Сарканд" бизнес орталығының ғимаратында жұмыс істеген астыртын казиноның қызметі әшкереленді. Қарау барысында покер және рулетка ойнауға арналған 11 ойын столы, 4,5 мың АҚШ доллары мен 500 мың теңге табылды. Іс-шараны өткізу кезінде залда 7 ойыншы, 9 диллер, 3 даяшы, бармен және күзетші болған. Бұл факт бойынша Алматы қаласының ЭСЖКД казиноның иесіне қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады (ҚР ҚК 190 б. 1 б.), тергеу жүргізілуде.

Өткен жылы қаржы полициясы органдарының өндірісінде болған аталмыш санаттағы бірқатар қылмыстық істер бойынша заңи күшіне енген сот үкімдері бар.

Шығыс-Қазақстан облысында айыппұл төлеуге И. Хрунин сотталды. Ол Өскемен қаласында заңсыз казиноның қызметін ұйымдастырған. Казиноны қарау барысында табылған покер столы, 242 фишка және 840 мың теңге мен 2100 АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленді.

Ақтөбе облысында 2 жыл бас бостандығынан шартты айыруға Р. Шамсутдинов сотталды. Ол астыртын казиноның қызметінен 3 млн 200 мың теңге заңсыз табыс алған. Құмарлық ойындарына арналған 5 стол алынды.

Заңсыз ойын мекемелерінің Алматы қаласында шоғырланғандығын қаржы полициясы органдарының статистикасы растайды. Мәселен, 2009 жылдың басынан оңтүстік астанада 8 астыртын казино және заңсыз қызмет атқарған 112 ойын автоматтары залы анықталды.

Мысалы, 2 жыл бас бостандығынан шартты айыруға Алматы қаласында заңсыз казино ұйымдастырған азамат Т. Набян сотталды. Казиноны қарау барысында касса мен сейфте 3,5 млн.теңге және 24 760 АҚШ доллары алынды. Олар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сонымен бірге, Алматы қаласында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз әрекет еткен казино анықталды. Оны қарау барысында 3 млн теңге сомасында ақша қаражаты, 11 ойын столы және 5 мыңнан астам ойын фишкалар алынды. Заңсыз кәсіпкерліктің аталмыш фактісі бойынша 1 жыл бас бостандығынан айыруға Р. Мухорлямов сотталды. Алынған ақша және құрал-жабдықтар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, заңсыз ойын айналымының негізгі бөлігін ойын автоматтарының астыртын залдарын ұйымдастыру фактілері құрайды. 2009 жылы қаржы полициясы органдарымен 239 осындай ойын залдарының қызметі әшкереленді.

Астана қаласында айыппұл төлеуге азаматша Н. Заступ сотталды. Ол елорданың тұрғын үйлерінің бірінде ойын автоматтары залының заңсыз қызметін ұйымдастырып, 4,5 млн.теңгеден астам заңсыз табыс алған. Мемлекет пайдасына 45 ойын автоматы, 1 рулетка және 143 мың теңге тәркіленді.

Солтүстік-Қазақстан облысында 1 жыл бас бостандығынан шартты айыруға С. Лапаев сотталды. Ол салық органдарында тіркеусіз "Вознесенский" сыра барында ойын автоматтары залының қызметін ұйымдастыру арқылы 1 млн. 400 мың теңге заңсыз табыс алған. Ол мемлекет пайдасына толық көлемде тәркіленді.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласында "Атырау лото" атты заңсыз ойын автоматтары залы анықталды. Оны ұйымдастырған жеке кәсіпкердің 85 млн теңгеден астам заңсыз табыс алғандығы анықталды. Бүгінгі күні қылмыстық іс өндіріспен аяқталды.

Кішігірім қалалардың өзінде зыңсыз қызмет етуші ойын автоматтарының залдары анықталды.

Шығыс-Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында "Осминог" ойын-сауық орталығында заңсыз ойын автоматтар залын ұйымдастырғаны үшін азаматша Смазная айыппұл төлеуге сотталды.

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша қаржы полициясы органдары берген материалдар негізінде уәкілетті мемлекеттік органдармен 213 әкімшілік өндіріс қозғалды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 90%-ға артық.

Ақмола облысында жеке кәсіпкер В. Шестаковқа айыппұл салынды. Ол орталық базардың аумағындағы бутиктердің бірінде ойын автоматтары залын ұйымдастырған. Ұтыс телефон карточкаларымен төленген. Мемлекет пайдасына жалпы құны 2 млн.теңгенің 5 ойын автоматы тәркіленді.

Қостанай облысында айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа А. Оразбаев сотталды. Ол "Новый" дүкенінде электрондық казиноның заңсыз қызметін ұйымдастырған. 10 ойын электрондық автоматы, 1 электрондық рулетка және 176,5 мың теңге мен 100 АҚШ доллары алынды.

Батыс-Қазақстан облысында заңсыз ойын автоматтары залын ұйымдастырған А. Дархановқа айыппұл салынды. 12 ойын автоматы тәркіленді.

Ойын бизнесі саласындағы алаяқтық фактілері орын алған.

Алматы қаласында 6 жыл бас бостандығынан айыруға С. Те сотталды. Ол өзі жалданып жұмыс істейтін казинолардың қожайынымын деп танысып, ортақ коммерциялық қызмет атқарайық деген сылтаумен 5 азаматтың жалпы соммасы 10,5 млн.теңгесін иемденіп алған.

Ойын бизнесі саласында орын алған салық төлеуден жалтару фактілері анықталды.

Мәселен, Қарағанды облысының Теміртау қаласында айыппұл төлеуге жеке кәсіпкер Е. Құрамысов сотталды. Ол ойын бизнесі саласында кәсіпкерлікпен айналыса отырып, жалған мәліметтер ұсыну арқылы салық төлеуден жалтарған.

Осы қалада айыппұл төлеуге А. Шартон сотталды. Ол жағарыдағыдай ойын биснесімен айналыса отырып, салық төлеуден жалтарған.

Қаржы полициясымен ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысы тергелді.

Мәселен, Ақмола облысында 1 жыл бас бостандығынан айыруға Щучинск қаласының "Арай" дүкеніндегі ойын автоматтары залының меңгерушісі Е. Куликов сотталды. Ол қаржы полициясы қызметкеріне бұрын алынған ойын автоматтарын қолхат бойынша қайтарып беруі үшін 150 мың теңге пара беруі үстінде ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны