25.01.2008, 17:44 3033

Қаржы полициясының пайымдауынша Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар халықаралық конвенцияларды бекітуі қажет

Қаржы полициясының пайымдауынша Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар халықаралық конвенцияларды бекітуі қажет

Астана. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) пайымдауынша, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар халықаралық конвенцияларды бекітуі қажет. Бұл туралы бүгін агенттіктің алқа отырысында қаржы полициясы төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Қазақстан халықаралық сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қабылдау рейтингісі бойынша алдыңғы жылдармен салыстырғанда оң нәтиже бермеген болатын",- деді Қайрат Қожамжаров. "Және де сарапшылардың пайымдауынша, мұның басты себебі Қазақстанның бүгінгі күнде сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес мәселелеріне арналған бірқатар халықаралық конвенцияларды бекітпеуі болып табылады",- деп қосты ол.

Қаржы полициясы бастығының орынбасары, осыған байланысты оның мекемесі БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияны бекіту туралы заң жобасын әзірлеп, оны үкіметтің қолдағандығын және де парламент қарауына енгізілгендігін еске сала кетті. "Сонымен қатар, Еуропа Кеңесінің құжаттарына қосылу жөніндегі жұмыстардың жүргізіліп жатыр - онда сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес мәселелеріне, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қатысты үш конвенция бар",- деп қосты ол.

"Бүгінгі күні ҚР мемлекеттік хатшысы басқарып отырған сыбайлас жемқорлық мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес бұл мәселелермен Бас прокуратура, біздің Агенттік және Сыртқы істер министрлігі бірлесе айналысып жатыр", - деп түсіндірді Қ. Қожамжаров. "Бұл мәселеде белгілі жылжулар бар. Себебі, біз тиісті ұсыныстарымызды Еуропалық кеңеске жолдап қойдық", - деп толықтырды ол.

"Қазақстан бұл ұйымның мүшесі емес. Сондықтан, аталмыш конвенцияны бекіту үшін оның барлық мүшелерінің келісімі қажет", - деп атап көрсетті Қ. Қожамжаров.

Сонымен бірге ол ішкі рейтинг көмегімен мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлық деңгейінің алғашқы зерттеу нәтижелері үстіміздегі жылдың наурыз айында мәлім болатынын жеткізді. "Сыбайлас жемқорлық бойынша ішкі рейтинг президент және сыбайлас жемқорлық мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссия тапсырмасымен жасалынған. Ол үш бөлімнен тұрады: біріншісі - мемлекеттік органдардағы коррупция деңгейі, екіншісі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылып жатқан шаралар, үшіншісі - бақылаушы ой-пікірі, яғни, халықтың сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі", - деп еске сала кетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны