30.09.2009, 15:46 5994

Қаржылық бақылау агенттігінің мамандарын тарту арқылы "Альянс Банкке" қатысты аудиторлық тексеру тағайындалды - қаржы полициясы

Қаржылық бақылау агенттігінің мамандарын тарту арқылы "Альянс Банкке" қатысты аудиторлық тексеру тағайындалды - қаржы полициясы

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қаржылық бақылау агенттігінің мамандарын тарту арқылы "Альянс Банкке" қатысты аудиторлық тексеру тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Аталған қылмыстық істің шеңберінде Қаржылық бақылау агенттігінің мамандарын тарту арқылы "Альянс Банкке" қатысты аудиторлық тексеру тағайындалды",- деді М.Жұманбай журналистердің сауалына берген жауабында.

"Тергеу нәтижесі жайлы кейін хабарланады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны