30.04.2015, 21:53 6968

Қашағанда мұнай өндіру жұмысы 2016 жылы желтоқсанда жанданады

Қашағанда мұнай өндіру жұмысы 2016 жылдыӊ желтоқсанында жанданатын болады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник бүгін "Жасыл экономикаға" көшуі саласындағы заӊнаманы

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қашағанда мұнай өндіру жұмысы 2016 жылдыӊ желтоқсанында жанданатын болады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник бүгін "Жасыл экономикаға" көшуі саласындағы заӊнаманы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жетілдіру: қалдықтарды басқару және шығарындыларды реттеу" дөӊгелек үстелі барысында мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қашағанда жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүруде. Еӊ алдымен сапасыз болып шыққан құбырлар алмастырылуда. 2016 жылдыӊ желтоқсанында жұмыстар аяқталуы тиіс және кеніш іске қосылады деп жоспарлануда", - деп атап өтті ол.

Жобаны қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз", Royal Dutch Shell, ExxonMobil, Eni, Total, Inpex және CNPC жүзеге асыруда. Қашаған мұнай кенішінде шамамен 5 млрд. тоннаға жуық мұнай қоры жатыр деп болжануда және ол соӊғы жылдары теӊіз табанында табылған еӊ ірі мұнай орындарыныӊ бірі болуы ықтимал.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны