20.02.2013, 13:46 3277

Кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа механизмі Кәсіпкерлікті дамыту карталары болады

"Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа механизмі Кәсіпкерлікті дамытудың карталары болады, деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов.

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа механизмі Кәсіпкерлікті дамыту карталары болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа механизмі Кәсіпкерлікті дамытудың карталары болады, деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов.

"Бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асырудың жаңа механизмі ретінде Кәсіпкерлікті дамытудың карталарын жасау қарастырылған. Бұл кәсіпкерлерге қай жерде, қандай басым бағыттар бар екенін және ауылдық елді мекенде жергілікті атқарушы органның неге басым көңіл бөлетінін түсінуге көмектеседі", - деді С.Ибденов.

Сонымен қатар, Карталар жобалардың басқа бағдарламалар мен технологиялық кезеңдері дамуының үйлесімділігін қоса алғанда кәсіпкерліктің үйлестірілген дамуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бизнесті қолдаудың екінші механизмі бағдарлама қатысушыларына кәсіпкерлік негіздерін тегін оқыту, бизнес жоспар құруға жәрдемдесу, 1 жыл көлемінде көрсетілетін сабағаттық қызметтер арқылы жобаларды сүйемелдеу, сонымен қатар жобалар мен кәсіпкерлік сауаттылық сапасын арттыру түріндегі сервистік қызмет көрсетулер ұсыну болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны