01.09.2009, 14:36 2876

Кәсіпкерлікті тексерулер жүйесін оңтайландыру қажет - мемлекет басшысы

Кәсіпкерлікті тексерулер жүйесін оңтайландыру қажет - мемлекет басшысы

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бақылау және қадағалау қызметі жөніндегі заңды қарау аясында кәсіпкерлікті тексерулер жүйесін оңтайландыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Іскерлік ахуалды жақсарту мен жеке кәсіпкерлікті қолдауға қажетті жаңа жүйелік шаралар қазір тіптен қажет", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге мемлекет басшысы мемлекеттік және корпоративтік сатып алуларда Қазақстанның үлесін ұлғайта түсуге және импортты одан әрі алмастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыра беру қажет деген пікірде.

"Үкіметке ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін тиісті заң жобасын парламентке ұсынып, оны жылдың аяғына дейін қабылдауды тапсырамын", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны