10.04.2015, 22:16 4056

Каспий теӊізінде қазақстандық үш жауынгерлік кеме экипажы теӊіз биатлонына дайындалуда

"Қазақстан", "Орал" және "Сарыарқа" атты үш отандық зымыранды-артиллериялық кеме экипажы, сондай-ақ теӊіз жаяу әскерлері бригадасы "Каспий теӊізі - 2015" теӊіз биатлонына дайындалуда

Астана. 10 сәуір. Kazakhstan Today - "Қазақстан", "Орал" және "Сарыарқа" атты үш отандық зымыранды-артиллериялық кеме экипажы, сондай-ақ теӊіз жаяу әскерлері бригадасы "Каспий теӊізі - 2015" теӊіз биатлонына дайындалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Су үсті жауынгерлік кемелерініӊ капитандарына ерекше міндет жүктелді. Жеке құраммен жұмыс барысында олар әр әскери қызметшініӊ кәсіби шеберлігін жетілдіріп қана қоймай, психологиялық тұрғыда салауатты ахуалды орнатып, ұжымды біртұтас команда ретінде топтастыра білуі қажет. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Біздіӊ әскери теӊізшілер байқаудыӊ күрделі сынақтарынан лайықты өтетініне және өздерініӊ кәсіби шеберлігін тағы да дәлелдейтініне сенемін. Қазақстан Қарулы Күштерініӊ Искери-теӊіз күштері - жай ғана қызмет, жұмыс немесе іс-қимыл түрі емес. Біздіӊ әрқайсымыз үшін бұл өзіміз таӊдаған өмір жолы, ішкі ықыласымыз", - деп "Қазақстан" зымыранды-артиллериялық кеме капитаныныӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант В. Кочуров атап өтті.

Байқаудыӊ ауқымдылығына баға беріп отырған әскери теӊізшілер нәтижесінде жоғарғы кәсібилікті, дене күші мен төзімділікті көрсету үшін күнделікті жаттығуларда өз шеберліктерін шыӊдап, ерінбей-жалықпай жаӊа биіктіктерді бағындыруда.

"Каспий теӊізі - 2015" халықаралық жарысы - бірегей және жетілген іс-қимыл, сонымен қатар Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ, сондай-ақ басқа да қатысушы - Ресей, Түркіменстан және Изербайжан елдерініӊ жауынгерлік әзірлігін көрсететін тамаша емтихан болмақ. Теӊіз биатлоны үшін Каспийдіӊ арнайы акваториялары бөлініп, дәл сол жерде биыл жазда ауқымды жарыс қанат жаятын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны