08.10.2009, 12:02 1600

Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде Ресейдің алты азаматы браконьерлігі үшін ұсталды

Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде Ресейдің алты азаматы браконьерлігі үшін ұсталды

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде Ресейдің алты азаматы браконьерлігі үшін ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, "7 қазанда Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде "Сейф-боат" шекарашылар қайығының экипажы мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өңірлік шекаралық бақылауы басқармасының "Астана" шекарашылар кемесінің экипажы Ресейдің 6 азаматы отырған "байда" үлгісіндегі екі жүзу құралын ұстады, олар браконьерлік қызметпен шұғылданып жүрген".

"Ұсталғандарда жеке куәліктері болмай шықты. Қазір осы оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны