17.04.2009, 16:37 2418

Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде Изербайжанның екі кемесі 500 килограмм майшабақпен ұсталды

Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде Изербайжанның екі кемесі 500 килограмм майшабақпен ұсталды

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде Изербайжанның екі кемесі 500 килограмм майшабақпен ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 16 сәуірде түн ортасы ауа ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өңірлік жағалау күзеті басқармасының "Сақшы" шекарашылар кемесінің экипажы Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде Изербайжанның балықшылық кәсібіне арналған "Далга" және "Сапса" атты екі кемесін ұстады. "Далга" кемесінде Изербайжанның 9 азаматы, "Сапса" кемесінде - 6 азамат болған. Тексеру тобы "Далга" кемесінен 500 килограмм майшабақ тапты.

Ұсталған екі кеме де шекарашылар кемесімен бірге Баутино айлағына жіберілді, ол жерде осы оқиғаға қатысты тексерулер жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны