25.05.2007, 12:38 2374

Каспийде 200 килограмм бекіре тұқымдас балықпен алты браконьер, соның ішінде Изербайжанның бес азаматы ұсталды

АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Каспийде 200 килограмм бекіре тұқымдас балықпен алты браконьер, соның ішінде Изербайжанның бес азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты айдынының үстінен ұшу барысында шекарашылар десантшы-шабуылшылар заставасының қолдауымен алты браконьер, соның ішінде бір Қазақстан, бес Изербайжан азаматы отырған 3 қайықты ұстады. Олардан 200 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтар табылып тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны