26.10.2006, 17:39 3073

Каспийде "Толқын-2006" шекаралық операциясының екінші кезеңі аяқталды

АҚТАУ. 26-қазан. Kazakhstan Today. Каспийде браконьерліктің алдын алуға бағытталған "Толқын-2006" шекаралық операциясының екінші кезеңі аяқталды. Ол ағымдағы жылдың 10-қыркүйегі мен 23-қазаны аралығында жүзеге асырылды. Шара барысында ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша "Батыс" аймақтық басқармасы 100 заң бұзушыны ұстады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша "Батыс" аймақтық басқармасы бастығының орынбасары Ахметжан Шоқпытов Баутинода орын тепкен теңіздегі шекаралық дивизияның екінші дивизионында өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А.Шоқпытовтың айтуынша, ұсталғандардың арасында Ресейдің 82, Қазақстанның 18 азаматы бар.

Шара Каспий теңізінің байлығын сақтап қалу мақсатымен өткізілген. "ТМД елдері шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі осындай шара өткізу туралы шешімді 2005-жылдың қазан айында қабылдады",- деді ол.

А.Шоқпытовтың айтуынша, шара барысында Қазақстан Республикасының аумақтық суларында болу және жүзу ережелерін бұзған 32 адам ұсталып, Қазақстанның 27, Ресейдің 3 азаматы ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 390-бабы, 1 және 2-тармақтары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 154 500 теңгенің айыппұлын төлеуге тиіс.

Ресейдің екі азаматы Қазақстанның шекарасынан өткелек емес жерде өтуге әрекет жасағаны үшін ұсталды. "Батыс" аймақтық басқармасының шекарашылары шара барысында 3 автокөлік, "Байда" үлгісіндегі 27 шағын қайықтарды, 19 қайық пен басқа да жүзу құралдарын, 48 қайық моторларын тәркіледі.

Шекарашылар 19 979 метр ау, 56 калада мен төрт қару тәркіледі.

"Толқын-2006" шекаралық операциясының қорытындысы бойынша бұған қоса бекіре тұқымдас 1437 килограмм балық пен 667 килограмм табан балық тәркіленді.

"Батыс" аймақтық басқармасының бастығы, генерал-майор Елемес Жаңабергеновтың айтуынша, ағымдағы жылы браконьерлер төрт мәрте қарсы қару қолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны