21.06.2006, 16:59 2936

Каспийдің солтүстік бөлігінде Ресей мен Қазақстанның шекара әскерлерінің оқу-жаттығулары аяқталды

АЛМАТЫ. 21-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Каспийдің солтүстік бөлігінде Ресей мен Қазақстанның шекара әскерлерінің оқу-жаттығулары аяқталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қолбасшылық оқу-жаттығуларға жоғары баға берді.
“Каспий-2006” оқу-жаттығулары барысында шекаралық құрылымдар арасында күдікті кемелер туралы ақпараттар алмасу, шекаралық кемелердің күшімен күдікті кемені қоршауға алу, кемені басып алған лаңкестік топты жою, кепілдегі адамдарды босату, теңізде апатқа ұшыраған адамдарды құтқару әрекеттерін пысықталды.

Оқу жаттығуларға Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметінің күш-құралдары қатысты. Қазақстаннан жаттығуларға екі кеме, екі тікұшақ пен ҚР ҰҚК арнаулы бөлімшелері мен Шекара қызметінің жағалаудағы бөлімшелері қатыстырылды.

Оқу-жаттығуларға Изербайжан мен Иранның шекаралық мекемелерінің өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны