19.06.2006, 18:54 2709

Каспийдің солтүстік бөлігінде Ресей мен Қазақстанның шекаралық әскерлерінің жаттығулары басталды

АЛМАТЫ. 19-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Каспийдің солтүстік бөлігінде Ресей мен Қазақстанның шекаралық әскерлерінің бірлескен жаттығулары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Каспий-2006” оқу-жаттығулары 21-маусымға дейін жалғасады.

Оқу-жаттығулар барысында шекаралық құрылымдар арасында күдікті кемелер туралы ақпараттар алмасу, шекаралық кемелердің күшімен күдікті кемені қоршауға алу, кемені басып алған лаңкестік топты жою, кепілдегі адамдарды босату, теңізде апатқа ұшыраған адамдарды құтқару әрекеттерін пысықтайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны