01.02.2024, 17:52 84726

Каспий теңізі жағалауындағы құны 1,1 млрд теңге болатын жерлер мемлекетке қайтарылды

Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды
Каспий теңізі жағалауындағы құны 1,1 млрд теңге болатын жерлер мемлекетке қайтарылды
Облыс прокуратурасы тұрақты негізде нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау мақсатында талдау жүргізуде, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд. теңге, ауданы 696,8 га құрайтын 3 учаскелер игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды.

Одан бөлек, талдау нәтижесімен Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды.

Одан бөлек, облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20% - ға аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған.

Осыған орай, кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны