18.09.2019, 19:08 9055

Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей әскерлерінің Біріккен теңіз оқу-жаттығулары өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз Күштерінің "Орал", "Сарыарқа", "Маңғыстау" және "Қазақстан" ракеталық-артиллериялық кемелері Ресей Федерациясы Әскери-теңіз күштерінің Каспий флотилиясымен бірлескен оқу-жаттығуарына қатысуда.

Нұр-Сұлтан. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресей әскерлерінің Біріккен теңіз оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз Күштерінің "Орал", "Сарыарқа", "Маңғыстау" және "Қазақстан" ракеталық-артиллериялық кемелері Ресей Федерациясы Әскери-теңіз күштерінің Каспий флотилиясымен бірлескен оқу-жаттығуарына қатысуда.

Оқу-жаттығулар Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында өтіп, 22 қыркүйекке дейін созылады. Жуырда Ақтау қаласының портына ресейлік "Татарстан" кемесі мен "Ступинец" катері, сонымен қоса 2 гидрографикалық кеме, ракеталық және рейдтік тралдар, құтқару буксирі мен кіші танкер келген болатын.

Оқу жаттығулар Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың жеке басшылығымен өтуде.

Жыттығу барысында Қазақстан мен Ресей Әскери-теңіз Күштері біріккен топтарының жаңа ұрыс формалары мен әдістерін зерделеуге басты назар аударылмақ.Екі елдің теңізшілері арнайы операциялар мен ұрысты жүргізу бойынша бірқатар сұрақтарды пысықтап, кемелердің бірлескен іс-қимылдарын, тапсырманы орындау орнындағы маневлерді жүзеге асыратын болады.

Осы жаттығулардың нәтижесінде екі елдің біріккен штабтарының үйлесімділігі бағаланып, офицерлердің біліктілік деңгейі сынға алынады.

Бүгінгі күні, біріккен оқу-жаттығуларды өткізуден басқа, қазақстандық және ресейлік әскери теңізшілер Халықаралық армиялық ойындары барысында өзара іс-қимылдарды бірлесе өткізіп, машықтылықтарын арттырып келуде.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны