24.05.2010, 11:08 1723

Қауіпсіздік кеңесі инспекциясының арнайы комиссиясы Қарулы күштерде тұрғын үй заңнамасының қолданылуын тексеру жұмыс жоспарын бекітті

Қауіпсіздік кеңесі инспекциясының арнайы комиссиясы Қарулы күштерде тұрғын үй заңнамасының қолданылуын тексеру жұмыс жоспарын бекітті

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Қауіпсіздік кеңесі инспекциясының арнайы комиссиясы Қарулы күштерде тұрғын үй заңнамасының қолданылуын тексеру жұмыс жоспарын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, арнайы комиссия Бас әскери прокурордың төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмаларын іске асыруға кірісті.

"2010 жылдың 20 мамырында Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі инспекциясының арнайы комиссиясының отырысы болып өтті. Отырыста тұрғын үй заңнамасына қатысты заңдылық мәселесі қаралды",- делінген хабарламада.

Комиссия жұмысында Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бойынша агенттіктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қаржы, әділет, қорғаныс, ішкі істер және төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктерінің өкілдері қатысты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қарулы күштерде тұрғын үй заңнамасының қолданылуын тексеруді ұйымдастыру туралы Қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Аталмыш іс-шараны іске асыру үшін тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны